9.3. Гармоникалық түзулендіру әдісі

 

Егер болымды қисықсызықты жүйелерді түзулендіргенде кіріс сигналы ретінде гармоникалық сигнал қолданылса, онда бұл әдіс гармоникалық түзулендіру әдісі деп аталады.

 

x(t) = A Sin ωt                                             (9-4)

 

Бұл жағдайда қисықсызықты элементтің шығыс сигналы гармоникалық болмайды. Ол амлпитудаға А тәуелді гармоникалық сигналдар қосындысымен көрсетілуі мүмкін.

Гормоникалық түзулендіру әдісі бойынаша қисықсызықты функция Фурье қатарына жіктеледі және жуықтап осы қатардың бірінші гармоникасымен алмастырылады. Алмастыру басқару жүйесінің көп жағдайлары жоғары гармоникалық тербелістерді жақсы фильтрлейтінімен негізделген. Қисықсызықты жүйелер қасиеттері кіріс гармоникалық сигналы x(t)  және орнатылған шығыс тербелістерінің барынша жоғары амплитудаға ие бірінші гармоникалық құраушысын ун.э.(t) салыстыру арқылы зерттеледі. Қисықсызықты жүйелер қасиеттері сондай, ол белгілі бір жиіліктегі гармоникалық  тербелістерге әр түрлі жиіліктегі гармоникалық тербелістермен әсер етеді. Осы гармоникалық тербелістер барлығы қосылып қисықсызықты жүйенің шығыс сигналын құрайды. Осы ерекшеліктің салдарынан қисықсызықты жүйеде резонанс болу мүмкін болады. Айтып кеткендей, қисықсызықты түйін өздігінен жұмыс істемейді, ол әрқашан түзусызықты элементтермен бірге қосылады. Түзусызықты бөлік төмен жиіліктің фильтрі болып табылады (тек төмен жиілікутегі сигналдарды өткізеді) және жоғары жиілікті тербелістерді басады. Осы негізде қисықсызықты түйін шығысында екіден жоғары реттегі гармоникаларды елемеуге болады.

Шығыс сигналын Фурье қатарына жіктейік:

 

                       (9-5)

 

мұнда а0 – тұрақты құраушы немесе шығыс сигналының орташа мәні, аk және bk – k үлкейуіне байланысты кішірейіп жатқан шығыс сигналының гармоникалық құраушысының амплитудалары.

Қатардың коэффициенттері келесі формулалармен есептелінеді:

 

                  (9-6)

 

Жоғары гармоникаларды есепке алмай келесіні алуға болады:

 

                          (9-7)

 

мұнда:                                                                      (9-8)

 

Егер а0=0 болса, онда:

                                        (9-9)

 

Егер кіріс сигналын комплексті түрде ұсынсақ:

 

                                             (9-10)

 

қисықсызықты элемент амплитуда-фазалық сипаттамасын келесі түрде жазуғаболады:

 

         (9-11)

 

Қисықсызықты жүйелер теориясында жиіліктік сипаттамалар ретінде қисықсызықты элемент инверсті сипаттамасын қолдану орынды:

 

       (9-12)